Қарағандыда полицейлер Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті

Қарағандыда полицейлер Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті

Қарағандыда полицейлер Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті

Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, даңқты қолбасшы әрі Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы Полиция департаментінде тағылымды эссе байқауы өтті. Ұлт батырының өшпес ерлік жолынан рухтанған өңір полицейлері оның өмірі мен жауынгерлік болмысына арнаған ой-толғамдарын қазылар алқасының назарына ұсынды. Байқауға департаменттің әртүрлі қызмет салалары мен аумақтық бөлімшелерінен ондаған қызметкер қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы Бауыржан Момышұлының тұлғалық келбетін, қайсар мінезін және отаншылдық рухын өз жүрегімен сезініп, жеке дүниетанымы арқылы жеткізуге ұмтылды. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапат иелерінің қатарында Ерғалым Әбдіғалиев, Наби Қарабаев, Ақниет Раманқұлова, Раушан Бекбулатова және Рустем Смағұлов бар.
Жүлдегерлердің бірі Ақниет Раманқұлованың айтуынша, байқауға қатысу оның патриоттық және рухани тұрғыдан шыңдалуына ықпал етіп, тарихи тұлғаларға деген құрмет пен қызметтік жауапкершілік сезімін тереңдете түскен. Іс-шара соңында қатысушылар назарына Кеңес Одағының Батыры, полковник Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын баяндайтын деректі фильм ұсынылып, тағылымды жиын мазмұнды рухани әсермен қорытындыланды.