Теміртауда “қонақжай” үй иесі қонағын бір миллион теңгеден айырды

Теміртауда “қонақжай” үй иесі қонағын бір миллион теңгеден айырды

Теміртауда “қонақжай” үй иесі қонағын бір миллион теңгеден айырды

Теміртауда 56 жастағы әйел таныстарының үйіне қонаққа барғаннан кейін қомақты қаржысынан айырылды. Банктегі шотынан шамамен 1 миллион теңге заңсыз шешіліп алынғаны анықталды.
Оқиға бойынша Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол - қонақты қабылдаған пәтердің 24 жастағы иесі.
Тергеу мәліметінше, мерекелік отырыс кезінде күдікті үстелде қараусыз қалған қонақтардың бірінің мобильді телефонын байқап, жағдайды өз пайдасына пайдаланған. Банк қосымшасын ашып, ақшаны өз шотына аударып жіберген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабы аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, әсіресе бейтаныс ортада жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.