Теміртауда «дозаға» жарнама таратқан екі тұрғын ұсталды

Теміртауда «дозаға» жарнама таратқан екі тұрғын ұсталды

Теміртауда «дозаға» жарнама таратқан екі тұрғын ұсталды. Теміртауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі дүкенінің жарнамасын таратумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды анықтап, олардың әрекетін тоқтатты. Жедел іс-шара нәтижесінде жасы 21 және 33-тегі ер адамдар қолға түсті. Олар қала көшелеріне QR-коды бар, жасырын онлайн-есірткі дүкеніне апаратын парақшаларды жапсырып жүрген. Тінту барысында полицейлер олардың мобильді телефондарын, әлеуметтік желідегі «куратормен» жазысқан хаттарын, сондай-ақ жарнамалық парақшалар мен скотчты тәркіледі. Тергеуде күдіктілер кінәларын мойындап, парақша жапсыру жұмысына жеке тұтынуға арналған РVP («скорость») есірткісінің 1 граммы үшін келіскендерін айтты. Жеңіл табыс емес, қауіпті тәуелділікті өтеу үшін жасалған «жұмыс» олар үшін тосын аяқталды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.