Қарағандыда жоғалған төрт жастағы бала дер кезінде табылды

Қарағандыда жоғалған төрт жастағы бала дер кезінде табылды

Қарағандыда жоғалған төрт жастағы бала дер кезінде табылды

Қарағанды қаласында төрт жастағы баланың жоғалғаны туралы дабыл бүгін сағат 11 шамасында түсті. Мектепке дейінгі даярлық орталығына барып жүрген баласы белгісіз бағытқа кетіп қалғанын аңғарған ата-анасы алдымен өз беттерінше іздеу жүргізген. Алайда нәтижесіз болғандықтан, олар Жедел басқару орталығына жүгінуге мәжбүр болды. Баланы іздеу жөніндегі ақпарат кинологтарға сағат 14:01-де жеткізілді. Уақытты тиімді пайдаланған мамандар қызметтік ит «Тайгамен» бірге дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Оперативтік әрі үйлесімді іс-қимылдың арқасында небәрі жарты сағат ішінде бала көршілес ауданнан аман-есен табылды. Табылғаннан кейін баланы медицина қызметкерлері тексеріп, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізді. Осыдан соң бүлдіршін ата-анасына тапсырылды. Кинологтардың жедел әрекеті мен кәсіби шеберлігі ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алып, баланы уақытында отбасына қайтаруға мүмкіндік берді.