Қарағандылық тұрғын «қоңырау шалу» сылтауымен жәбірленушінің екі телефонын алып кеткен

Қарағандылық тұрғын «қоңырау шалу» сылтауымен  жәбірленушінің екі телефонын алып кеткен

Қарағандылық тұрғын «қоңырау шалу» сылтауымен жәбірленушінің екі телефонын алып кеткен
Қарағандыда 36 жастағы әйел айламен әрекет еткен алаяқтың құрбаны болды. Оқиға қаладағы супермаркеттердің бірінің алдында орын алған. Әйелге сыпайы сөйлеп, сенім тудырған жас жігіт жақындап, өз телефонының қуаты бітіп қалғанын айтып, шұғыл қоңырау шалу үшін оның смартфонын уақытша пайдалануға рұқсат сұрайды. Жақсылық жасамақ болған әйел телефонды қолына ұстата бергенде, күдікті оның екінші аппараты бар екенін байқайды. Алғашқы телефонда байланыс дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сылтауратып, екінші гаджетті де сұрап алған. Осыдан кейін, жәбірленуші сәл ғана алаңдаған сәтті ұтымды пайдаланған алаяқ екі телефонды да алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Әйел дереу полицияға жүгінеді. Оның берген арызы мен күдіктінің нақты сипаттамасы негізінде Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемнің кім екенін тез анықтап, оны қолға түсірді. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, ұрланған телефондарды иесіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабы аясында қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да осындай фактілерге қатыстылығын тексеруде.