Қарағандыда 30 жыл бойы жол ережесін бірде-бір рет бұзбаған жүргізуші анықталды

Қарағандыда 30 жыл бойы жол ережесін бірде-бір рет бұзбаған жүргізуші анықталды

Қарағандыда 30 жыл бойы жол ережесін бірде-бір рет бұзбаған жүргізуші анықталды. Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға бағытталған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасып жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген жүргізушілерді тоқтатып, алғыс білдіруде. Солардың ішінде ерекше көзге түскен тұлға — 30 жылдық тәжірибесі бар Светлана Швачкина. Ол үш онжылдықта бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әрі жол-көлік оқиғасына қатыспаған. Светлана бүгінде №95 мектеп-гимназиясында жас инспекторлар үйірмесін жетекшілік етіп, балаларға жолдағы жауапкершілік пен қауіпсіздікті үйретеді: «Жол қауіпсіздігін мектеп қабырғасынан бастап түсіндіру өте маңызды», — дейді ол. Полицияның мәліметінше, акция аясында облыс орталығында 100-ге жуық жүргізушіге құрмет көрсетілген.
Шара «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп, басты мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ереже сақтауды насихаттау. Светлана барлық жүргізушілерді сақтыққа шақырды: «Ережені қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар және қарсы бағытқа шықпаңыздар», — деді ол.