
Түнгі олжа – қылмыстық іске себеп болды! Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды.
Қарағанды облысында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Табиғатты қорғау мақсатында құқықбұзушылықтарды анықтау үшін полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс жүргізуде. Автожолда полиция қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде шамамен киікке ұқсас жануардың еті, үш мылтық және пышақ табылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.