
Қарағандылықтарды алдаған алаяқ сот алдында жауап береді! Қарағанды облысының полицейлері интернетте алаяқтық жасаған 27 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады. Енді ол сот алдында жауап береді. Алаяқ Instagram-да жалған парақша ашып, жиһаз жасауға тапсырыстар қабылдаған. Ол алдын ала төлем алып, бірақ жұмысты орындамаған. Осылайша, 2020-2023 жылдар аралығында 22 адамды алдап, 10 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Тек сенімді сатушылардан тауар алу, арзан ұсыныстарға сенбеу және бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасамау қажет. Күдікті жағдайлар болса, полицияға хабарлаңыз!