Қарағандының «Динамо» спортшылары Республика күніне арналған спартакиадада үздіктерді анықтады

Қарағандының «Динамо» спортшылары Республика күніне арналған спартакиадада үздіктерді анықтады

Қарағандының «Динамо» спортшылары Республика күніне арналған спартакиадада үздіктерді анықтады. Қарағанды облысында Республика күні қарсаңында полиция қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Жарыстар облыстық полиция департаментінің және ФСО «Динамо» ұйымының қолдауымен Қарағанды қаласындағы спорт кешенінде ұйымдастырылды. Бұл жолғы бәсекеде өңірдің әртүрлі бөлімшелерінен келген 13 команда құрамындағы 145 қызметкер төрт спорт түрінен – баскетбол, шахмат, арқан тартыс және үстел теннисінен бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде жалпыкомандалық есепте:
үшінші орын – Нұра ауданы полиция бөлімінің командасы,
екінші орын – ЖҚАЖ тобы, бірінші орын – патрульдік полиция полкінің (ППП) еншісінде болды. Арқан тарту сайысында Жедел қимылдайтын арнайы жасақ құрамасы мықтылығын дәлелдеп, Патрульдік полиция полкі екінші, ал арнайы даярлық басқармасының командасы үшінші орынға табан тіреді. Шахмат бойынша үздіктер қатарынан Нұра ауданы ПБ өкілдері – Ғ. Әбішев пен А. Боранқұл көрінді. Олардың ізін ала Оңтүстік-Шығыс ПБ қызметкерлері А. Каримбеков пен Р. Дандыбаев екінші орынға, ал ППП командасының ойыншылары Б. Таймасов пен М. Багаутдинов үшінші орынға ие болды. Үстел теннисінен Патрульдік полиция полкінің спортшылары Ж. Сайлау мен Р. Отарбаев жеңімпаз атанды. Екінші орында – Нұра ауданының М. Тұяқбаев пен Д. Жанабылов, үшінші орында – ЖҚАЖ өкілдері Т. Сүлейменов пен А. Бәкенов.Баскетбол жарысында да Патрульдік полиция полкінің командасы қарсыластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Жедел қимылдайтын арнайы жасақ, үшінші орынды Арнайы кәсіби даярлық басқармасы иеленді. Жарыс барысында үздік ойыншылар жеке номинациялармен марапатталды:
«Үздік шабуылшы» – А. Қуанышпаев (Арнайы кәсіби даярлық басқармасы),
«Үздік ойыншы» – Патрульдік полиция полкі командасының өкілі,
«Үздік қорғаушы» – Б. Минажсов (ЖҚАЖ). Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ФСО «Динамо» атынан грамоталар, медальдар және кубоктар табысталды. Бұл жарыс полиция қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық рух пен серіктестікке негізделген салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.