Заңсыз мигранттарға тосқауыл: Қарағанды облысында көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

Заңсыз мигранттарға тосқауыл: Қарағанды облысында көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

Заңсыз мигранттарға тосқауыл: Қарағанды облысында көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

Қарағанды облысында шетел азаматтарының еліміз аумағында заңсыз болуына жол бермеу мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шараның басты мақсаты – көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Іс-шара барысында Қарағанды облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері көші-қон қызметімен бірлесе отырып, бақылауды күшейтті. Тексеру жұмыстары автожолдарда, көлік бекеттерінде және шетел азаматтары жиі шоғырланатын орындарда жүргізілуде. Әсіресе, облыс арқылы өтетін транзиттік автобустар мұқият тексерілуде. Операцияның алғашқы екі күнінде-ақ нақты нәтижелер байқалды. Тәртіп сақшылары жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты жоқ сегіз шетел азаматын анықтады. Сонымен қатар, ел аумағында болу мерзімін бұзған бір азамат ұсталды. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі ұсталған тұлғалардың жеке басын анықтауға және олардың Қазақстанға кіру мен болу жағдайларын нақтылауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіп жатыр. Бұл бағытта полицейлер тиісті мемлекеттердің консулдықтары мен елшіліктерімен тығыз өзара іс-қимыл жасауда. Көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады. Полиция департаменті облыс тұрғындарын өңірде шетел азаматтарының заңсыз болуына қатысты кез келген дерек туралы дереу хабарлауға шақырады.