Қарағандыда «Динамо» футбол мен «Таяқ тартудан» үздіктерді анықтады

Қарағандыда «Динамо» футбол мен «Таяқ тартудан» үздіктерді анықтады

Қарағандыда «Динамо» футбол мен «Таяқ тартудан» үздіктерді анықтады
Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында мини-футболдан «Жас Динамошы» іріктеу турнирі өтті. 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы дода шеберлік пен командалық рухтың нағыз сынағына айналды. Спорттық шараны Қарағанды облысы Полиция департаменті мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы ұйымдастырды. Турнирге 9 командадан 90 жас футболшы қатысып, өз мүмкіндіктерін паш етті.
Қорытынды бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орын №81 мектеп командасына бұйырса, қола жүлдені М. Мамыраев атындағы мектептің тәрбиеленушілері еншіледі.
Футбол жарысымен қатар «Динамо» спорт залында ұлттық спорт түрі – «Таяқ тартудан» жарыстар өтті. Күш пен шыдамдылықты талап ететін бұл сайысқа аумақтық бөлімшелерден келген 10 команданың 62 спортшысы қатысты. 70 кг дейінгі салмақта – Орталық полиция бөлімі қызметкері Айбек Қадыр жеңімпаз атанды.80 кг дейінгі салмақта – ПД өкілі Ерғанат Молдабек үздік шықты. 90 кг дейінгі салмақта – Қарағанды ЖҚАЖ қызметкері Марғұлан Баянов бірінші орын алды. 105 кг салмақта – Теміртау қаласының спортшылары Д. Есембаев пен Қ. Қадыров топ жарды. Барлық қатысушылар белсенділігі мен спорттық жігері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен кубоктар табысталды.
Бұл жарыстар жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды шара болды.