«Таза Қазақстан»: Бухар-Жырау ауданында дрондар арқылы тазалыққа бақылау күшейтілді

«Таза Қазақстан»: Бухар-Жырау ауданында дрондар арқылы тазалыққа бақылау күшейтілді

«Таза Қазақстан»: Бухар-Жырау ауданында дрондар арқылы тазалыққа бақылау күшейтілді. Қарағанды облысында өтіп жатқан республикалық экологиялық акция «Таза Қазақстан» аясында Бухар-Жырау ауданында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қадағалау жұмыстары күшейтілді. Заманауи технологиялар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.
Новоузенка ауылында абаттандыру ережелерін бұзудың екі дерегі тіркелді. Біріншісі – ауылға уақытша келген қарағандылық тұрғынға, екіншісі – жергілікті тұрғынға қатысты. Олардың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды: 505-баптың 1-бөлігі – елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу, айыппұл сомасы 19 810 теңге; 505-баптың 2-бөлігі – қоғамдық орындарды ластау, айыппұл сомасы 39 620 теңге. Құрметті облыс тұрғындары! Тазалық пен тәртіп – баршамыздың ортақ парызымыз. Қоғамдық орындарды ластау тек қана қоршаған ортаға зиян келтіріп қоймай, әкімшілік жазаға да әкелетінін еске саламыз. Полиция департаменті сіздерді: қоқысты тек арнайы орындарға тастауға;
көшелер мен аулаларда тазалықты сақтауға; өскелең ұрпаққа табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін үйретуге;
тәртіп бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігеріміз арқылы ғана Қазақстанымызды таза әрі көрікті елге айналдыра аламыз!