Қарағандыда полицейлер велосипед ұрысын ұстады

Қарағандыда полицейлер  велосипед ұрысын ұстады

Қарағандыда полицейлер велосипед ұрысын ұстады

Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Орталық бөлімінің қызметкерлері бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Тергеу мәліметінше, күдікті ғимарат жанында қалдырылған құны 170 мың теңге тұратын 26 жастағы қала тұрғынының велосипедтін иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оның кім екенін анықтап, қамауға алды. Күдікті жауап алу барысында соңғы ұрлықты жасағанын мойындап қана қоймай, бұған дейін де осындай қылмысқа барғанын ашық айтты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тәртіп сақшылары оның қала аумағындағы өзге де велосипед ұрлықтарына қатыстылығын тексеруде. Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарды велосипедтерін қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.