Қарағандылық полицейлер «Құқықтық мәдениет жәрмеңкесін» өткізді

Қарағандылық полицейлер «Құқықтық мәдениет жәрмеңкесін» өткізді

Қарағандылық полицейлер «Құқықтық мәдениет жәрмеңкесін» өткізді

Қарағанды қаласында, облыс және қала әкімдіктерінің қолдауымен, полиция қызметкерлері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған бірегей іс-шара - «Құқықтық мәдениет жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Шара «Таир» сауда үйінде қоғамдық қабылдау форматында өтті, бұл азаматтар мен полиция арасында ашық әрі еркін диалог орнатуға мүмкіндік берді. Жәрмеңке барысында келушілер заң нормалары бойынша білікті кеңес алып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері жайында толыққанды ақпаратқа ие болды. Бұл қадам азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталды. - Азаматтардың белсенділігі мен қызығушылығы қуантады. Мұндай іс-шаралар халық пен полиция арасындағы сенімді нығайтып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді,- деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Жасқайрат Қаиров. «Құқықтық мәдениет жәрмеңкесі» қала өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, Қарағанды полициясының заңдылықты қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық санасын арттыру жолындағы табанды жұмысының айқын көрінісі болды.