Қарағандыда ұрланған велосипед «ізін суытпай» табылды

Қарағандыда ұрланған велосипед «ізін суытпай» табылды

Қарағандыда ұрланған велосипед «ізін суытпай» табылды

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, велосипед ұрлығын дер кезінде әшкереледі. 31 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, Бауыржан Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан подъезд дәлізінен Trinx маркалы велосипеді ұрланғанын мәлімдеген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 23 жастағы қала тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, ол жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті азаматтарға жеке мүлкіне мұқият болуды ескертеді. Қоғамдық орындарда немесе подъезд секілді ортақ пайдаланылатын кеңістіктерде бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Кез келген құқықбұзушылық фактісі бойынша дереу полицияға жүгіну қажет.