Қарағандыда күзет қызметі саласында Ашық есік күні өтті
Қарағанды қалалық Полиция басқармасында күзет қызметі саласына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараны Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров ашып, қатысушыларға ризашылығын білдірді. Кездесудің мақсаты — күзет саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы жүзеге асыру жолдарын қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайту. Іс-шара барысында Қарағанды облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Рубен Юрьевич Овсепян «Күзет қызметінің негізгі міндеттері. Күзет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету талаптары. Полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимыл» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға саланың құқықтық және практикалық аспектілерін жан-жақты түсіндірді. Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының өкілі, прокурор Әділхан Мерекұлы Таласпаев күзет қызметі саласында заңдылықтың сақталуы бойынша мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ «САЛЕРС» ЖШС жеке күзет агенттігі директорының орынбасары Владимир Шиламенцев дабыл беру жүйелері арқылы күзетілетін нысандардағы тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара аясында «Рубеж» дабыл беру құрылғысының техникалық мүмкіндіктері таныстырылып, күзет қызметіне қатысты сұрақтар бойынша кәсіби кеңес берілді. Ашық есік күні — құқық қорғау органдары мен күзет құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.