Қарағандылық полицейлер – өмір сыйлаушы донорлар!
Қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, адам өмірін құтқару – полицейлердің азаматтық борышы. Қарағанды облысының тәртіп сақшылары қан орталығында донорлық акцияға қатысып, ауыр науқастарға үміт сыйлады.
Қан тапсыру – жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі. Қан орталығы полицейлердің белсенділігін жоғары бағалады. Бұл – қоғамға көрсетілген нақты көмек!