Қарағандыда қалта ұрлығы бойынша күдікті «ізін суытпай» ұсталды

Қарағандыда қалта ұрлығы бойынша күдікті «ізін суытпай» ұсталды

Қарағандыда қалта ұрлығы бойынша күдікті «ізін суытпай» ұсталды

Қарағанды қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалта ұрлығын жасады деген күдікпен 45 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті қоғамдық көліктердің бірінде – маршруттық автобус ішінде, жолаушы әйелдің әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткен. Әмиян ішінде 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат болған. 21 жастағы жәбірленуші үйіне келген соң ғана мүлкінің жоғалғанын байқап, дереу полицияға жүгінген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Қарағанды облысы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда, әсіресе көлікпен қатынау кезінде қырағылық танытуға шақырады. Егер сіз күмәнді әрекеттерге куә болсаңыз немесе құқық бұзушылықты байқасаңыз, бұл туралы бірден полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.