«Қауіпсіз жаз»: Қарағанды облысында балалардың жазғы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кең ауқымды акция басталды

«Қауіпсіз жаз»: Қарағанды облысында балалардың жазғы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кең ауқымды акция басталды

«Қауіпсіз жаз»: Қарағанды облысында балалардың жазғы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кең ауқымды акция басталды
Жаздың жаймашуақ күндерімен қатар мектеп оқушыларының демалысы да басталды. Бұл кезең – балалардың белсенді демалып, көп уақытты көшеде өткізуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді қажет ететін уақыт. Осыған орай Қарағанды облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және Қарағанды облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мамандары «Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы мен «Заң және тәртіп» қағидаттарын негізге ала отырып, «Назар аударыңыз – балалар!» атты ауқымды акцияны іске қосты.
Игі бастаманың басты мақсаты – жасөспірімдерге жолда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру ғана емес, сонымен қатар олардың жаз мезгіліндегі қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыру, төтенше жағдайда өздерін және айналасындағы адамдарды қорғауға қажетті практикалық дағдыларды үйрету.
Акция аясында балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрнекі түрде таныстырылды. Бұл білім күнделікті өмірде де, күтпеген жағдайларда да аса қажет. Сонымен қатар тәртіп сақшылары мопед, самокат және велосипед секілді екі дөңгелекті көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын ерекше атап өтті. Қорғаныс құралдарын (шлем, қорғаныс жастықшалары және т.б.) пайдалану, жылдамдықты бақылауда ұстау – жазғы жарақаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алудың негізгі шарты.
Іс-шараның ең жарқын сәттерінің бірі – жол қозғалысының жас инспекторлары ұйымдастырған флешмоб болды. Қызықты би элементтерімен өрілген бұл көрініс балалар қауіпсіздігі тақырыбына қоғам назарын аудартты. Сонымен қатар, бұл флешмоб – жас буынның бірлігі мен жауапкершілігін білдіретін жарқын символға айналды.
«Назар аударыңыз – балалар!» акциясы – жазғы демалысты қауіпсіз әрі есте қаларлықтай өткізуге бағытталған маңызды бастама. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратынына сенімді.