Қарағанды оқушылары құқық тәртібі әлеміне саяхат жасады

Қарағанды оқушылары құқық тәртібі әлеміне саяхат жасады

Қарағанды оқушылары құқық тәртібі әлеміне саяхат жасады
Қарағанды қаласында жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті сіңіру бағытында маңызды бастама жүзеге асты. Қарағанды қалалық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия Бәрімбек Бейсенов атындағы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында өтті.
Шараның мақсаты – балаларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыра отырып, оларда заңға деген құрмет пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шара «Қазақстан балалары» ұлттық тұжырымдамасы және «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында ұйымдастырылды.
Оқушылар оқу аудиторияларымен, криминалистикалық кабинеттермен, спорт кешенімен, заманауи бассейнмен және бай кітапханамен танысты. Әсіресе криминалистика саласына қатысты арнайы жабдықталған сыныптар үлкен қызығушылық тудырды – дәл осы жерде курсанттар күрделі қылмыстарды ашуға қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
Академиядағы тәрбиелік жұмыс та назардан тыс қалмады. Балалар Бәрімбек Бейсеновке арналған музейге барып, оның өмір жолымен және Қазақстан құқық қорғау жүйесіне қосқан үлесімен танысты. Бұл танысу жас қонақтарға адалдық, ерлік және елге қызмет ету ұғымдарының маңызын ұғындырды.
Экскурсия жасөспірімдердің құқықтық санасын арттырып қана қоймай, оларды болашақ мамандық таңдауға жетелейтін маңызды қадам болды. Құқық қорғау қызметі жайлы шынайы ақпарат алған оқушылар арасында болашақ офицер болуға қызығушылық танытқандар аз болмады.