Қарағандыда виски ұрлығы әшкереленді: “шөлді басу” қылмыспен аяқталды

Қарағандыда виски ұрлығы әшкереленді: “шөлді басу” қылмыспен аяқталды

Қарағандыда виски ұрлығы әшкереленді: “шөлді басу” қылмыспен аяқталды
Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне жергілікті дүкен иесінен шағым келіп түсті. Белгісіз біреу супермаркет сөресінен екі бөтелке вискиді ұрлап, кәсіп иесіне 20 600 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшіп, дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият талдады. Күдіктінің жеке басы анықталып, оның 47 жастағы осы ауданның тұрғыны екені белгілі болды. Жедел-тергеу тобы күдіктінің тұрғылықты мекенжайына барған сәтте, ол достарымен бірге дәлел заттарды — ұрланған виски бөтелкелерін “жойып” жатқан үстінен түсті. Тергеу барысында ішімдік құтысының бос ыдыстары айғақ ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы — "Ұсақ ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасуда. Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды құқықбұзушылықтардан аулақ болуға және қоғамда жауапкершілік пен заңға құрметпен қарауға шақырады.