ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы

жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Хабарландыру

жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

 

Қарағанды облысының Полиция департменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы  хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей облыстың ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін  (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

 ІІМ номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

-  полиция департаменті  аппаратына  C-SVО-6 санаты;

-  қалалық және аудандық полиция  бөліністері бойынша C-SVR-5 санаты

-  патрульдік полициясының саптық бөліністері бойынша C-SSP-5 санаты

-  арнайы мақсаттағы бөліністер бойынша -C-SN-4** санаты;

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қарағанды облысының Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасына хабарласуға болады,

каб. № 318, анықтама телефондары 8 (7212) 42-94-53, 42-92-96,
 электрондық мекенжай:  а.kuanyshbaeva@mvd.gov.kz. Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

 

                                                                                               

Қарағанды облысының Полиция департаменті

тәрбие және кадр жұмысы басқармасы

 

 

Қарағанды облысының ПД

бастығының орынбасары

полиция полковнигі

Д.А.Ибраевқа

 

 

Баянат

 

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

 

 

____________________

(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты