17 мамыр - Ақпараттандыру және байланыс басқармасы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл бөлімше – полицияның барлық қызметтерінің үздіксіз және заманауи жұмысын қамтамасыз етуде, цифрлық технологияларды енгізуде, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық инфрақұрылымды сүйемелдеуде аса маңызды рөл атқарады.
Мерекеге орай департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Жәкей Болатұлы Иманқұлов қызметкерлерді құттықтап, құқық қорғау жүйесін цифрландыру жағдайындағы басқарма қызметінің маңыздылығын атап өтті. Ол қызметкерлерге кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен жұмысына адалдығы үшін алғыс білдірді.
Сондай ақ, полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаевтың атынан бірқатар қызметкерлер адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.