ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Атырау облысына сапары барысында
өңірдегі құқық қорғау, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдарының басшылары мен қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, Президенттің Әділетті Қазақстанды орнықтыру бағытындағы тапсырмаларының маңызы айтылып, қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидасының терең орнығуы қажет екенін де атап өтті.
Жиында барысында Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев, полиция қызметінің негізгі басым бағыттарына, атап айтқанда есірткі қылмыстарын, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының жүзеге асырылуы мен күнделікті қызметте "Заң және Тәртіп" қағидатын енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Кездесу соңында Президент кеңесшісі өңірдің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ел үшін атқарып жүрген еңбектері үшін алғыс білдіріп, азаматтар мен құқық қорғау жүйесі арасындағы өзара сенімділікті одан әрі нығайтудың маңызды екенін жеткізді.