Атырау облысы аумағында 12–16 мамыр аралығында тізімдік есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Есеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше қызметкерлері бірлесіп, есепке алынған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастағы жанжалдарға жол берген азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндіріліп, қорғау нұсқамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы айтылды.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, төмендегі байланыс нөмірлері арқылы құқық қорғау органдарының көмегіне жүгіне аласыз:

102

+7 (778) 932-93-92

+7 (702) 235-19-98
Сенім телефоны: 98-35-32
Бұл бағыттағы профилактикалық іс-шаралар жалғасады.