13-15 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыспен күреске бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жедел профилактикалық іс-шара – ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, мақсаты - құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, орын алған қылмыстарды ашу болып табылады. Іс-шара барысында әлеуметтік жарнамалар платформасында орын алған алаяқтық деректер, порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату деректері, бұрын орын алған интернет қолданушыларға қатысты алаяқтық қылмыстары да зерделенеді.