Департаментте Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті

Департаментте Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Атырау облысы полиция департаментінде ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында іс-шара өтті. Шараға Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Ешманов және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
 
Шара барысында халықтар арасындағы достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар этномәдени бірлестік өкілдері Атырау облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
 
- Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз — қоғамда тұрақтылықты сақтаудың, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің және этностар арасындағы достықты бекемдеудің нақты үлгісі. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні — бұл тек мереке ғана емес, еліміздің басты қағидаларын насихаттайтын ерекше күн. Алдағы уақытта да бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасқан қоғам құру жолында бірге еңбек ете береміз деп сенемін,— деді департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Ешманов.