Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялауына орай, қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Аталған іс-шаралар аясында Құлсары қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың санын азайту мақсатында көлік жүргізушілерімен түсіндіру және ескерту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, көршілес республикаға қатынайтын жүк көліктері мен жолаушылар тасымалдайтын автокөлік жүргізушілері арасында түсіндіру шаралары өткізіліп, бұл кездесулер барысында бұған дейін тіркелген жол-көлік оқиғаларының фото-бейнематериалдары көрсетіліп, осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жылыой ауданы аумағында 49 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 3 адам қаза тауып, 79 адам түрлі дене жарақаттарын алған.