Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Атырау облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі «Ембімұнайгаз» компаниясының қызметкерлерімен кездесіп, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
Кездесу барысында тәртіп сақшысы сала қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтың қазіргі заманғы түрлері, яғни жалған интернет-дүкендер, банктік қызметтер, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік инженерия әдістері жайында нақты мысалдар келтіріп айта өтті.
 
- Интернет арқылы жасалатын қылмыстар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі амал-тәсілдерді қолданып, жаңашыл әдістерді меңгеруде. Сондықтан кез келген қаржылық операцияны жасамас бұрын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеріп, күмән туғызған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, – деді Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Расул Жолдас.