«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: тас жолда басып озу қағидасын бұзатындар дрон арқылы анықталуда

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы: тас жолда басып озу қағидасын бұзатындар дрон арқылы анықталуда
Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының орын алуына басты себеп - көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтамауы. Статистикалық мәлімет бойынша жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып, басып озу қағидатын бұзуы.
 
Атырау облысы аумағында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тас жолдарда дрон құрылғысын пайдалану арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілерін анықтауда.
 
Осы мақсатта, тас жолдарда жол белгілеріне, жылдамдық режиміне, сақтық шараларына аса мән беріп, көлік құралын мұқият басқаруларыңыз қажеттігін ескертеміз.