«Қауіпсіз жол» шарасы: жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

«Қауіпсіз жол» шарасы: жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Атырауда 19 сәуір -19 мамыр аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның мақсаты - жол қозғалысы ережелерін сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы ретте, қала аумағында және республикалық маңызы бар тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Дегенмен, жүргізілген шараларға қарамастан, жыл басынан бері облыс аумағында 466 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25 адам қаза тапты. Көлік жүргізушілері тарапынан жылдамдықты шамадан тыс асыру, жол қозғалысы ережелерін елемеу – адам өміріне қауіп төндіріп отыр.

Осыған байланысты, жүргізушілерден жылдамдықты асырмауды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және барынша сақтық шараларын қатаң ұстануды сұраймыз.