Жол ережесі-қауіпсіз балалық шақ кепілі

Жол ережесі-қауіпсіз балалық шақ кепілі
Атырауда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілеріне жол қауіпсіздігін, жол ережелерінің маңызын түсіндірді. Мақсат - балаларға жолдан өткенде немесе жолда жүргенде мұқият болуды үйрету.
 
Полиция қызметкерлері балалармен бірге жол белгілерін бояп, бағдаршам түстерінің маңызын да түсіндірді. Арнайы дайындалған бояғыштар арқылы бүлдіршіндер бағдаршамның қызыл, сары және жасыл түстерінің нені білдіретінін өз қолдарымен бейнелеп, танымды ақпарат алды.
 
Осындай жылы жүзді кездесулер балалардың полицияға деген сенімін арттырып, жолда сақтықпен жүру дағдыларын ерте бастан қалыптастыруға себеп болады деген сенімдеміз. Айта кетейік, мұндай танымды кездесулер қазіргі таңда өткізіліп жатқан "Қауіпсіз жол", "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облысымыздағы барлық білім беру ұйымдарында жалғасуда.