Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданғандарға және тасымалдаушыларға жаза ауыр. Сондай ақ, есірткіні жарнамалағандар да жазадан жалтармайды. Осы ретте, есірткі қылмысының алдын алу, оны болдырмау мақсатында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді.
Есірткі — еркіндіктің емес, тәуелділіктің тамыры.
Егер, сіз есірткіге қатысты құқық бұзушылық дерегі бойынша қандай да бір ақпаратты білсеңіз немесе куә болсаңыз анонимді сенім телефондарына хабарласа аласыз.

: 8 (7122)30-59-59 тәулік бойы

:8 (702) 488 9497