«Жасөспірім» іс-шарасы: үш күнде 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Жасөспірім» іс-шарасы: үш күнде 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Атырау қаласында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның үш күнінде ІІО-на 116 жасөспірім жеткізіліп, 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру – 16;
- Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру – 6;
- ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу – 3;
- Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылықтың – 9 және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуының 111 дерегі анықталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.