Атырау облысы полиция департаментінде 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл күннің басты мақсаты – ұлттық киімді насихаттап, қазақтың дәстүрлі мәдениетін дәріптеу. Іс-шара барысында департамент қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, атаулы күннің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Криминалды полиция басқармасы, Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, Құжаттама бөлімі мен Ақпараттандыру және байланыс басқармасының қызметкерлері мерекеге орай киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар мен қазақы салт-дәстүрді ұлықтады. Олар қазақы шапан, камзол, тақия, сәукеле сынды дәстүрлі киімдерді киіп, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін көрсете білді.