Психолог-маман кәсіби мерекесінде алғыс хатпен марапатталды

Психолог-маман кәсіби мерекесінде алғыс хатпен марапатталды
 
25 желтоқсан – психолог қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Мерекеге орай Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев отбасы тұрмыстық қарым-қатынас аясында құқық бұзып, әкімшілік тәртіппен ұсталғандарға, ішімдікке салынған, өмірлік қиын жағдайларға тап болған және отбасылық жағдайы төмен адамдарға консультация беру жұмысын жүргізетін психолог-маман Ақмарал Шарипованы Департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады.
Ақмарал Шарипова 2023 жылдан бастап полиция департаментімен тығыз жұмыс істеп, құқық бұзушылық жасаған азаматтарға жеке кеңестер беріп келеді. Оның жұмысының басты мақсаты – жанұядағы қақтығыстарды азайту, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және қоғамда қауіпсіздік деңгейін арттыру. Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиев психолог-маманның еңбегін ерекше атап өтіп, оның отбасылық қарым-қатынастардағы мәселелерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Айта кетейік, психолог Ақмарал Шарипова ішімдікке салынған, өмірлік қиын жағдайларға тап болған және отбасылық жағдайы төмен адамдарға консультация беру жұмыстарын жүргізеді. Психолог кабинеті іске қосылғалы бері тәртіп сақшылары мамандармен бірлесіп 167 адаммен жұмыс жасаған.