
Атырау облыс аумағында қала-аудан арасында көлік қарқындылығы көбеюіне байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері рейдік іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, Доссор-Құлсары-Бейнеу республикалық маңызы бар тас жолдарда жыл басынан 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 9 адам қаза тауып, 24 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Талдауға сәйкес, оқиғалардың басым бөлігі жүргізушілердің көлік жылдамдықты сақтамауынан және басып озуға тыйым салынған жол белгілері талаптарын орындамау салдарынан болып отыр. Осы ретте, патрульдік полиция рота қызметкерлері жол қауіпсіздігін барлық бағыт бойынша қызметтерін атқаруда. Басты мақсат — автожолдарда халықтың қауіпсіз қатынауы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сондай-ақ, жүргізушілерден жүргізіліп жатқан ескерту жұмыстарынан бөлек «Кибер-Шериф», «Оракул Инсайт» боттық аппараттар орнатылған автопатрулдьдер және дрон әуәкамераларын пайдаланудамыз. Құрметті облыс тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерден көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды ескертеміз. Жолда сақ болайық! - дейді тәртіп сақшылары.