
Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Раиса Айтжанова және Атырау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, сондай-ақ, басқа да сала мамандарымен бірлесіп, атыраулық полицейлер мен мамандарға «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа механизмі» атты біліктілікті арттыруға арналған семинар-тренинг өткізді. Жиында құқықтық тәрбие жұмыстарын жетілдіру жолдары бойынша тиімді жұмыстар жүргізіліп ғана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың алдын алуға белсене араласқан қатысушыларға арнайы сертификат пен алғыс хат табыс етілді.