«Кибер Шериф»: жылдамдық асырған 39 мыңнан астам жүргізуші анықталды

«Кибер Шериф»: жылдамдық асырған 39 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыс аумағын қиып өтетін облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз қызмет етуде. Айта кетейік, өңірімізде 1 ақпаннан бастап жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында «Кибер Шериф» 28 борттық ақпараттық бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде осы құрылғымен 4 ай ішінде жылдамдықты асырған 39 мыңнан астам, оның ішінде жылдамдықты 130-дан 180-ге дейін асырған 16 мыңнан астам құқықбұзушылық дерегі анықталды.
 
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, көлік жүргізушілерінен өзінің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамауды сұрайды.