Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қатерлі үрдіс екенін, аталған мәселенің алдын-алу үшін қоғамда заң мен тәртіптің қатаң сақталуы қажеттігін атап өткен болатын. 15 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Осы ретте, Атырау облысы ПД жеке құрамына аталған Заңның Қылмыстық кодексіне енгізілген 108-1-бап «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру», 109-1-бап «Ұрып-соғу», 121-1-бап «Он алты жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы қорлау», 313-1-бап «Суицидті насихаттау» секілді жаңа баптар және Қылмыстық процестік кодекстеріне енгізілген түзетулері айтылып, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша татуласуға жол бермеу, «кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғым, сондай-ақ олар бойынша тергеуді анықтау және басқа өзгерістер мен толықтырулар айтылды.
Жиын барысында ІІМ әзірлеген ҚК-нің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу жөніндегі қылмыстық істердің макеттері, сондай-ақ олар бойынша қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.