Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы басталды

Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы басталды
Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 22-нан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ- дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі. Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ- дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.
- иір ойықты автоматтарға – 369200 теңгеге дейін
- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 184600 теңгеге дейін
- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға – 147680 теңгеге дейін
- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 110760 теңгеге дейін
- жарақат салатын қарулар – 36920 теңгеге дейін
- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін –
25844 теңгеге дейін
- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 22152 теңгеге дейін
- иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін – 105,49 теңге.
Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдері қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершіліктен босатылады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды. ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.
Атырау облысы бойынша мына телефондарға немесе келесі мекен-жайларға хабарласуларыңызға болады:
Атырау қалалық полиция басқармасы (Ә. Молдағалиева көшесі №247) тел: «102»
№5 Учаскелік полиция пункті (2 қатар), Халел Досмұхамедов көшесі №115 8-702-517-09-69, 8-778-160-43-47