Төтенше жағдай режимі - қалжыңдайтын уақыт емес

Төтенше жағдай режимі - қалжыңдайтын уақыт емес
Атырау облысында жағалауды нығайту үшін топырақ салынған қаптарды ұрлады деп күдіктенген бес адам өз әзілінің құрбаны болды. Айтуларынша олар нығайту жұмыстарын жасаған еріктілердің бірі.
Қазіргі уақытта Жайық өзені жағалауындағы салынған бөгеттерден қапшықтарды ұрлау туралы көптеген шағымдар түсіп, соған байланысты жағалау бақылауға алынды. Патрульдеу кезінде полицейлер көліктің жүксалғышына қапшықтарды салып жатқан адамдарды байқаған. Полиция қызметкерінің не істеп жатырсыздар деген сұрағына олар қапшықтарды үйлеріне апара жатырмыз деп жауап қайтарған. Хаттамаға сай әрекет еткен полицейдер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оларға түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Полиция департаменті қолданыстағы ТЖ режиміне байыпты қарауды және осындай фактілерді болдырмау үшін өз жұмысын атқаратын полицейлерге қатысты арандатушылықтарға жол бермеуді сұрайды.
Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу мақсатындағы бөгеттер патрульдеу және бейнекамералар арқылы мұқият тексерілуде.