"Бекіре-2024" іс-шарасы: тас жолда 89 келіге жуық бекіре балығын тасымалдаған ер адам ұсталды

"Бекіре-2024" іс-шарасы: тас жолда 89 келіге жуық бекіре балығын тасымалдаған ер адам ұсталды
11 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтөбе-Астрахань тас жолының 691 шақырымы тұсында күдік тудырған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Уаз автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде, автокөліктің жүк салғышынан 4 қапқа салынған 89 кг бекіре тұқымдас балықтары тәркіленген. Күдікті жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, 1 сәуір - 31 мамыр аралығында "Бекіре-2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Заңсыз балық аулаудың жолын кесу бағытында Еркінқала поселкесінде орналасқан Каспий теңізіне шыға берісінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде жылжымалы кемелердің мобильдік топтары құрылып, Еркінқала, Дамба, Алғабас елдімекені айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқаруда.