«Әділетті Қазақстан - Адал азамат»: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін көп балалы аналарға құқықтық кеңес берілді

«Әділетті Қазақстан - Адал азамат»: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін көп балалы аналарға құқықтық кеңес берілді
«Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Тұжырымдама негізінде 28 наурыз күні әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың, көп балалы аналардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болмауының алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту үшін құқықтық кеңес ұйымдастыру мақсатында ашық есік күні өтті.
 
Атырау облысы полиция департаменті, жергілікті полиция қызмет басқармасы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Райса Зинелғабиденқызы Айтжанова мен Жарқын жанұя қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Омарханқызы көп балалы аналарды қабылдап, отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында орын алатын құқық бұзушылықтар туралы айтылып, құқықтық кеңес берілді.
 
Полиция майоры Райса Айтжанова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың түрлі бағыттарын және отбасылық құндылықтар туралы баяндап, проблемаға бейжәй қарамауға шақырып, зорлық-зомбылық оқиғасына куәгер немесе жәбір көрген жағдайда да тәртіп сақшыларына хабарлауға болатынын еске салды. Ол зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, сексуалды және экономикалық түрлері болатынын айта келіп, олардың отбасында орын алуына көбінесе ішімдік ішу, есірткі тұтыну және құмар ойындарға әуестену факторлары ықпал ететінін атап көрсетті.