Түнгі рейд: патрульдік полицейлер жол ережесінің сақталуын назардан тыс жібермейді

Түнгі рейд: патрульдік полицейлер жол ережесінің сақталуын назардан тыс жібермейді
Түнгі қала - толассыз көлік қозғалысы. Патрульдік полиция қызметкерлерімен рейдті бастай бергеніміз сол еді бейнебақылау камерасы арқылы сақтандыру полюсы жоқ автокөлік И.Тайманов-С.Бейбарыс көше қиылысында көзге ілікті, тоқтаттық. Сол бойда 28 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы, 2-бөлігімен хаттамасы толтырылды.
Бұл ғана емес, тексеріс кезінде Абай көшесі тұсында автокөлікті көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн орнатқан жүргізушіні байқадық. Аталған азаматқа тиісті шарасы қолданылды. Түнгі рейдте 102 операторына Самал ықшам ауданының тұрғындары маркасы Toyota автокөлігі күдік тудырды деп хабарлаған. Хабарламаға дереу жеттік. Тексеру барысында 27 жастағы жүргізуші құжаты жоқ күйде көлік басқарғаны анықталды. Жүргізуші өзіне толтырылған хаттамамен келісті.
Қате аяқ астында, жол ережелерін бұзбай сақтанып жүрейік.