20-22 қараша аралығында Белорусь Республикасының астанасы Минск қаласында қоян-қолтық ұрыстан «Әлем кубогы-2023» чемпионаты өткізілді. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа дүниежүзінен келген 15 мемлекеттен 240 спортшы қатысып, бақтарын сынады.
Аталған әлемдік додаға 80 келі салмақпен аға лейтенант Алихан Сейтов және Айда Хайруллина қатысып, 1-орынды қанжығасына байласа, Атырау қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлар бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Диана Сарсенбайқызы Жумагазиева 2-орын және аға лейтенант Азамат Каштенбай 97 келі салмақпен 3-орынға ие болды. Әлемдік жарысқа жүлдегерлерді «Динамо» бастығы қоян қолтық ұрысының аға бапкері Хайдар Есенгалиев дайындады.
Айта кетейік, «Әлем кубогы-2023» дәстүрлі түрде ең мықты спортшылар жинайтын жыл сайынғы халықаралық турнир болып табылады.