Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қайыржан Дюсенбаев, осы басқарманың бөлім бастығы полиция капитаны Ғалымжан Сембаев және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ардақ Тасболатова Еркінқала орта мектебінің және М.Өтемісов атындағы орта мектебінің оқушыларына құқықтық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға сыни жағдайларда мінез-құлықтың ережелерін, қазіргі қоғамда елең алып отырған нашақорлықтың зардабы туралы, сондай-ақ жол-көлік қозғалысындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, 2023-2024 жылғы оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне ҚР ІІМ ведемстволық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды Б.Бейсенов атындағы Қарағанды, М.Есболатов атындағы Алматы және Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академияларының оқу бағдарламасымен таныстырды.