Жедел- криминалистикалық департаменті мен Идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің қызметкерлерінен шақырылған қазылар алқасының қатысуымен жедел- криминалистикалық қызметтің құрылғанына 104 жыл толуына орай Криминалист мамандығы тақырыбында 10-24 ақпан аралығында поэзиялық конкурс өтті. Байқауда Атырау қалалық ПБ-ның аға кримналисті Қайрат Қуанғалиұлының қызы Сезім Қайратқызы поэзия сайысында 1 орынға ие болды. Сайысқа 3 жастан 18 жасқа дейін және одан да көп балалар қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 7-10 жас аралығындағы топта Қуанғали Сезім әкесінің мамандығы туралы ең жақсы өлең жазып, 12 қысқа жолда әкесінің күрделі және құрметті кәсібіне деген құрметін білдірді.
Байқаудағы жеңісімен Сезім Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел- криминалистикалық департаментінің бастығы С.Садықовтың дипломымен марапаталды. Ол Сезімге әрдайым шығармашылық табыс пен ата-анасын қуантуды тілеп, естелік сыйлық табыс етті.