"Қауіпсіз жол": Ксенон, лэд жарық шамдарымен жүрген 7 жүргізуші анықталды

"Қауіпсіз жол": Ксенон, лэд жарық шамдарымен жүрген 7 жүргізуші анықталды
Облыс аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон, лэд жарық шамдарын қондырған автокөліктер көп кездеседі. Мұндай автокөліктер жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін көлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.
Осы орайда, Атырау облысы аумағында ағымдағы жылдың 30-қыркүйек пен 6-қазан аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 4 қыркүйек күні, яғни бір күнде сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін яғни, көлігіне ксенон, лэд жарық шамдарын орнатқан 1 жүргізуші анықталды.
Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы аталған жарық шамдарын қондырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып өзгелерге апатты жағдай тудырған 7 көлік жүргізушісі жауапкершілкке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды патрульдік полиция қызметкерлері тұрақты жүргізуде