Атырауда «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды

Атырауда «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, Атырау облысы аумағында 1 қазаннан бастап «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
- Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай - ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау,-деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Іс шара 2022 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасады.